Қостанайда шарап өнімін заңсыз сатпақ болған кәсіпкер сотталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Облыстық Экономикалық тергеу департаменті қызметкерлері алкоголь өнімін заңсыз сатпақ болған қостанайлықтың жолын кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тергеу барысында анықталғандай, Қостанай қаласының тұрғыны Шымкент қаласының азаматынан алкоголь өнімі мен және жалған есепке алу-бақылау маркаларын сатып алған. Содан кейін заңсыз сатып алған өнімін «Апис» ЖШС цехына келіп, «Апис» алкоголь өнімінің заттаңбалары жапсырылған шыны ыдыстарға құйған.

«Заңсыз өнім жасауға пластикалық тығындылар, алюминий бұрандалы қақпақтар мен термоқондырғыш қалпақшаларды пайдаланған. Содан кейін Шымкенттен әкелген жалған есепке алу-бақылау маркаларын жапсырған. Марка «ҚР Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» ШЖҚ РМК талаптарына сәйкес келмейді. Алкоголь өнімін өзіне тиесілі дүкендер желісінен бөлшек сауда арқылы айналымға енгізген»,- делінген облыстық Экономикалық тергеу департаментінің ақпаратында.

Қостанай қаласы № 2 сотының үкімімен Қостанай қаласының тұрғыны ҚР ҚК 233-бабы 2 бөлігі бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп танылды. Сот отырысында сотталушы кінәсін толық мойындады.

Сот оны алкоголь өнімдерін бөлшек сауда арқылы өткізу құқығынан айырды, кәсіпкерге тоғыз ай мерзімге пробациялық бақылау белгілей отырып, бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады.

Іс бойынша заттай дәлелдемелер:1749 шөлмек алкоголь өнімі, 17797 дана жалған есепке алу-бақылау маркасы жойылады.


Соңғы жаңалықтар