+7 (701) 759 90 19
USD 380.84 EUR 419.50
RUB 6.05 CNY 54.90
Jańalyqtar

Қостанайда сәбиін қоқыс жәшігіне тастаған көкек ана табылды

2019 жылғы 5 желтоқсан 16:01
Бөлісіңіз:
Қостанайда сәбиін қоқыс жәшігіне тастаған көкек ана табылды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай қаласында жаңа туған баласын қоқыс жәшігіне тастап кеткен әйел анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпаратты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

«Қостанай полиция басқармасы жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 26 жастағы әйелді анықтады. Ол Қостанай қаласында тұрады. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 100-бабы («Жаңа туған баланы анасының өлтіруі») бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды», - делінген полицияның ақпаратында.

Бұл дерек тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Көкек ананың кінәсі дәлелденсе, ол төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Еске салсақ, Қостанайдағы «Әуежай» шағын ауданында қоқыс контейнерінен жаңа туған шақалақтың денесі табылды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Қостанай облысы, Оқиға,
Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT