Қостанайда полицейдің парамен ұсталуына байланысты департамент түсінік берді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің пара алды деген күдікке ілінген полиция қызметкерінің ұсталуына қатысты ақпаратын растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомствода ұсталған полицейдің прогрессинг орталығының басшысы қызметін атқарғанын түсіндірді.

«Жедел шаралар Қостанай облыстық полиция департаменті жеке қауіпсіздік басқармасымен бірлесіп өткізілді. Қамауға алынған полицейге қатысты қызметтік тергеу амалдары жүргізілді, ол ішкі істер органдарынан қызметтен босатылды.

Сондай-ақ қызметтік тергеу қорытындылары бойынша Қостанай облыстық ПД-нің бірқатар лауазымды тұлғалары қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды, соның ішінде атқарған қызметтерінен босатылды», - деп түсіндірді департаменттен.

Қостанай облыстық ПД жемқорлықпен күрес – ведомство жұмысының басымдық бағыты екенін түсіндірді. Жыл басынан бері полиция қызметкерлері жасаған жемқорлық қылмыстар мен құқық бұзушылықтар 25 пайыздан жоғары деңгейге төмендеген.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қостанайда полиция департаменті бөлімшесінің бастығы парамен ұсталғаны хабарланған.


Соңғы жаңалықтар