Қостанайда өткен ғасырдың тарихи сәулет ескерткіші «Ақмешіт» қайта жаңарды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қостанай облысында ХХ ғасырдың сәулет ескерткіші - «Ақмешіт» нысаны пайдалануға берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов өзінің ресми Instagram парақшасында жазды.

«Бүгін «Ақмешіт» киелі нысанына және оның аумағында орналасқан әкімшілік ғимаратқа бардым. Өткен жылдың мамыр айында «Ақмешіт» сәулет ескерткішінде ғылыми-жаңғырту жұмыстары аяқталған болатын. 2020 жылы әкімшілік ғимаратқа да жаңғырту жұмысы жүргізілді. 1954 жылы салынған бұл ғимарат әбден тозығы жетіп, ескірген болатын. Қайта жаңғырту кезінде ғимараттың іргетасы бекітіліп, қасбеті және шатыры, инженерлік желілер жөнделді, есік-терезелері жаңартылды» дейді Архимед Мұхамбетов.

Оның айтуынша, әкімшілік ғимарат Қостанай облысы әкімдігінің дін істері басқармасының балансына өтеді.

Енді бұл ғимаратта басқарма ұжымы мен оған бағынысты мекеме — дін мәселелерін зерттеу орталығы орналасады.

«Аталған мекемелердің қызметін ұйымдастыру діни қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты тиімді іске асыруға ықпал етеді» дейді аймақ басшысы.

Еске сала кетейік, біз бұған дейін Қостанайдағы «Ақмешіт» объектісінде ғылыми реконструкция жүргізіліп жатқанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар