Қостанайда мемлекеттік сатып алуды тексеру кезінде 300 млн теңге үнемделді

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында мемлекеттік сатып алуды веб-портал арқылы бақылаудың арқасында 300 млн теңге үнемделді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі облыстық департаментінің басшысы Қуаныш Бекбасов журналистермен өткен брифингте мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Департамент басшысы айтқандай, Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру үшін жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту бағытында заңнамалық өзгерістер енгізілді.
Елдегі төтенше жағдайға қарамастан, жемқорлыққа қарсы жобалар тоқтаған жоқ.
«Қостанай - адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің, арнайы мониторинг тобының, ақпараттық-насихаттау штабының жұмыстары белсенді жүргізілді.
Оның үстіне, агенттіктің қолдауымен «Адал көмек», «Антикор лайф», «Сапалы жол», «Саналық ұрпақ», «Ашық бюджет интерактивті картасы», «Инвестициялық бастамаларды сыбайлас жемқорлықтан қорғау» жобаларының белсенділігі де төмендеген жоқ.
«Өңірде ашық бюджеттердің интерактивті картасы жасалып, сәтті жүзеге асырылып келеді. 2020 жылы интерактивті карта порталына 984 мемлекеттік орган мен ведомстволық бағынысты ұйымдар тіркелген. Сайтқа 420 млрд теңге болатын 4192 бюджеттік бағдарлама жарияланды. Карта бойынша жұмыс осы жылы жалғасады, облыста іске асырылатын бағдарламалардың барлық бюджеті жүктеледі. Оларды халық көруі тиіс. Сонымен қатар мемлекеттік сатып алу мониторингіне ерекше назар аударылды. Жыл басынан бері құны шектен тыс жоғары және тиімсіз қызметтерді бақыладық. Соның арқасында «Сатып алудың бірыңғай терезесінде» бюджеттің 300 млн теңгеден астам қаражаты үнемделді», - дейді Қуаныш Бекбасов.
- Түркістан облысында жол сапасын жақсартуға 20 млрд теңге қаралып отыр
- 2 наурыз күні болатын маңызды шаралар аңдатпасы
- Алматы облысының Алакөл ауданына жаңа әкім тағайындалды
- Түркістан облысында газ желілері жаппай тексеріледі
-
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұйымдық-штаттық құрылымы оңтайландырылды
-
Бес облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам