Қостанайда маска талап еткен автобус жүргізушісін соққыға жыққан бұзақы ұсталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Бүгін Қостанай қаласында №11 бағдардағы автобус жүргізушісін соққыға жыққан бұзақы ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпаратты Қостанай облысы әкімдігі жанындағы арнайы штаб растады.

«Бастапқыда жүргізуші бекітілген тәртіпке сәйкес, жолаушыны маскасыз автобусқа кіргізбеген. Жас жігіт оның талабын елемей, жүргізушіні ұрып, автобустан қашып кеткен. Іздестіру барысында Қостанай қаласының 31 жастағы тұрғыны ұсталды», - делінген Штаб ақпаратында.

Қазір осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабымен («Бұзақылық») тергеу басталды.

Қостанай облысы әкімдігі жанындағы ақпараттық штаб төтенше жағдайлар режимін сақтау бойынша талаптарға түсіністікпен қарауды сұрайды.



Соңғы жаңалықтар