Қостанайда маршруттық автобустар қозғалысына шектеу енгізілді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов облыс шекарасындағы блок-бекеттерді аралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс әкімі елімізде төтенше жағдайдың енгізілуіне және коронавирустық пандемияға байланысты Қостанай облысындағы санитарлық-эпидемиологиялық шаралармен танысты. Осы мақсатта Қарасу ауданындағы №11 (Сұрған) блок-бекетіне барды.

Бұл блок-бекет Қостанай-Әулиекөл-Сұрған тас жолының 240 шақырымында Жанысай ауылының жанында орналасқан.

Облыс әкімі қызметкерлермен кездесіп, жұмыс және демалыс жағдайларын қарады.

Архимед Мұхамбетов санитарлық-эпидемиологиялық шараларды қамтамасыз ету бойынша жауапты мемлекеттік органдардың дайындығына оң бағасын берді.

№11 блок-бекетте 2 ауысым бойынша 12 сағат кезекшілік жүргізіледі. Бір ауысым жұмысына 6 полиция қызметкері, оның ішінде 3 СОБР қызметкері, сондай-ақ 2 медицина қызметкері қатысады.

Полиция қызметкерлері облыс аумағына кіретін көліктерді тіркеумен айналысады, ал дәрігерлер кірген адамдардың температурасын өлшейді.

Естеріңізге сала кетейік, Қостанай облысында 10 блок-бекет өз жұмысын 31 наурызында сағат 22-00-ден бастады.

Бұл нысандарда облыс аумағына кiретін және шығатын автокөлік пен азаматтарға бақылау жүргізіледі.

Жүктерді жеткізетін немесе транзитпен өтетін аймақтағы жүк көліктерінің қозғалысы Полиция департаментінің патрульдік полициясымен бақыланады, олар кіру және шығу уақытын белгілейді. Елді мекендер арасында маршруттық автобустар мен шағын автобустар қозғалысына шектеулер енгізілді. Алайда облыс ішінде жүріп-тұруға барлық жеңіл көлік түрлеріне рұқсат етіледі.


Соңғы жаңалықтар