Қостанайда карантин шаралары туралы жаңа қаулы: Сотталғандарды ПТР-дан өткізу қамтамасыз етіледі

None
None
КОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының бас санитарлық дәрігері Ермұханбет Дәулетбаев өңірде карантин шаралары туралы жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанай облысында облыс тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының таралуын болдырмас үшін қосымша шаралар қабылдануда.

«ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша ПТР әдісімен COVID-19-ға тексерумен қамту қамтамасыз етілсін:

1) ҚАЖ мекемелеріне түсетін адамдар (тергеуге алынғандар, айыпталушылар, сотталғандар);

2) биоматериалдың сынамаларын алуды эпидемияға қарсы режим және ЖҚҚ пайдалану талаптарын сақтай отырып, ҚАЖ және ІІД мекемелерінің медицина қызметкерлері жүзеге асырады;

3) аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының жауапты маманы іріктелген материалды тіркеуді жүзеге асырады, пациенттің барлық деректерін электрондық жолдамаға, ҰСО ақпараттық жүйесіне толтырып, маманның жеке кабинетінен тиісті зертханаға жібереді» делінген хабарламада.

Қаулының толық мәтінімен мына жерде танысуға болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қостанай облысында карантин шаралары жеңілдетілетіні хабарланған болатын.


Соңғы жаңалықтар