+7 (701) 759 90 19
USD 420.76 EUR 498.6
RUB 5.6 CNY 62.27
Jańalyqtar

Қостанайда із-түзсіз кеткен екі адам бір тәулік бойы қар астындағы жертөледе жатқан

2020 жылғы 28 қаңтар 16:53
Бөлісіңіз:
Қостанайда із-түзсіз кеткен екі адам бір тәулік бойы қар астындағы жертөледе жатқан

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қостанай қаласының құтқарушылары екі адамды құтқарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Ауыл тұрғындары газ құбырының сапасыз тартылғанына наразы - Алматы облысы Үндістанда үш қабатты тұрғын үй құлап, сегіз адам қаза тапты Нью-Йоркте метро пойызы рельстен шығып кетті

23 қаңтар күні «112» қызметіне Ақсай ауылынан 35 шақырым жерде далалық алқап аумағында қиындыққа тап болған екі адам жөнінде қоңырау келіп түскен. Жерді өңдеуге жаңа техникамен бірге адамдар жіберілген.

«Ауа райының күрт нашарлауына байланысты оларды жедел эвакуациялау қажет болған. Байланыс болмағандықтан төтенше жағдайға ұшыраған адамдардың орналасқан жері мен жағдайы беймәлім болған. Ақтүтек бораннан жол көрінбейді, соған қарамастан іздеу-құтқару жұмыстарын «Нива Марш – Бронто» көлігі жүргізді. Құтқару операциясына Арқалық қаласының бөлімшелері, оның ішінде Қостанай қаласының жедел-құтқару жасағының құтқарушылары Байділдин Ж., Жармағанбетов Е., бас құтқарушы Жанаев А. қатысты. Құтқарушылар бір тәуліктен кейін оларды жертөледен тауып алған» деп мәлім етті комитеттен.

«Табылған азаматтардың жағдайы бірқалыпты. Зардап шеккендер Ақсай ауылына жеткізілді» делінген ТЖК хабарламасында.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT