+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Қостанайда ірі машина жасау кластерін қалыптастыру жобасы іске қосылады

2020 жылғы 15 қыркүйек 09:44
Бөлісіңіз:
Қостанайда ірі машина жасау кластерін қалыптастыру жобасы іске қосылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қостанай облысында ірі машина жасау кластерін қалыптастыру бойынша ауқымды жоба іске қосылады.

Ұқсас жаңалықтар
ШҚО-да жылына 4 мың тонна тауарлы балық өсіру көзделуде 8 айда резеңке және пластмасса бұйымдары өндірісінің көлемі 9,3 пайызға артты Ақмола әлеуметтік-экономикалық дамудың басты көрсеткіштеріне қол жеткізді

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Индустрияландыру картасы мәселелері бойынша баяндаған ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қостанай облысында ірі машина жасау кластерін қалыптастыру бойынша ауқымды жоба іске қосылады. Онда ауыл шаруашылығы техникасы мен автомобильдерге арналған компоненттер шығарылады. Ауданы 38 мың шаршы метр болатын өндірістік кешен биыл желтоқсан айында іске қосылып, келесі көктемде жобалық қуатына шығады», - деді министр.

Оның айтуынша, бизнес-инкубатор елде ауыл шаруашылығы техникасы мен автомобиль өндірушілері үшін қажетті 2 мыңнан астам бөлшек мен тораптарды шығару арқылы отандық өндіріс үлесінің өсуіне ықпал етеді. Әрі жаңа құзіреттерді ұлғайтуға әсері болады.

«Қостанай қаласының өнеркәсіп аймағында «КамАЗ» қозғалтқыштарының құрамдас бөлшектерін құю өндірісі жолға қойылады. Қазіргі уақытта тиісті инвестициялық келісімге қол қоюға дайындалып, қыркүйек айында құрылысты бастау жоспарланып отыр», - деді ол.

Министрдің дерегінше, өндірілетін өнімнің 95 пайызы экспортқа бағдарланған.

«Нәтижесінде Ресейді, ТМД-ны, сондай-ақ Daimler AG неміс концернін қамтитын жаһандық құн жасау тізбегіне кіретін болады. Осылайша, өңір аграрлық бағыттан дамудың индустриялық-инновациялық кезеңіне өтеді», - деді Бейбіт Атамқұлов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT