Қостанайда екі мектепке Абай мен Ыбырай Алтынсариннің есімі берілді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облыстық мәслихатының кезектен тыс сессиясында ономастика мәселелері қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәслихаттың кезектен тыс сессиясында облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Гүлжан Мендекинова ономастика мәселелері бойынша баяндама жасады.

Оның айтуынша, ҚР Парламенті Мәжілісінің бір топ депутаты және облыстың зиялы қауым өкілдері Қостанай қаласындағы Василий Чекмарев атындағы көшеге көрнекті қоғам қайраткері Орал Мұхамеджановтың есімін беру жөнінде Қостанай қаласы әкімдігіне ұсыным хат жолдаған.

«Бұл мәселе 14 қарашада өткен Қостанай қаласы мәслихатының тұрақты депутаттары комиссиясының бірлескен отырысында қаралды. Көшені қайта атау туралы қала әкімдігінің ұсынымы ҚР Үкіметі жанындағы республикалық ономастикалық комиссияның отырысында қаралып, толықтай қолдау тапты. Облыс әкімдігінің бірлескен қаулысымен облыстық мәслихаттың шешімі жобасына мүдделі органдардың және Әділет департаменті келісімдерін алу бойынша барлық процедуралар жүзеге асырылды», – деді облыстық Гүлжан Мендекинова.

Сонымен қатар басқарма басшысы Федоров ауданындағы Димитров атындағы №1 орта мектепке Абай Құнанбаевтың атын, №2 орта мектепке Ыбырай Алтынсариннің есімін беру ұсыныстарын жария етті. Мәслихат депуттаттары аталған ұсыныстарды бірауыздан қолдады.


Соңғы жаңалықтар