Қостанайда екі бала үй ішінде жанып кетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Әулиекөл ауданында тұрғын үй өртеніп, екі бала көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпаратты облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ирина Беженарь растады. Оқиға бүгін аудан орталығындағы 1 мамыр көшесіндегі жеке тұрғын үйде болған.

«Үй ішінде қараусыз қалып қойған 2016 және 2018 жылы туған екі бала жанып кетті. Үйдегі барлық төсек-орын, жиһаз өртенді. Өрт ауқымы 18 шаршы метрді құрады», - деді Ирина Беженарь.

Оқиғаның алдын ала себебі – отты абайсыз қолдану. Тұрғын үй өрті бүгін сағат 12.39-да толығымен сөндірілді.

Соңғы жаңалықтар