Қостанайда дала өртін сөндіру бір тәулікке созылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының Амангелді ауданында дала өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірдің ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«1 тамыз күні сағат 14:45-те 26-шы Өрт сөндіру бөліміне Амангелді ауданы Үрпек ауылдық округіндегі Жарыпшыққан жерінде даланың жанып жатқаны туралы хабар келіп түсті.

ТЖД қызметкерлері 80 шақырым жолды жүрді. Онда бір техника және жеке құрамның алты адамы барды. Оларға көмекке жергілікті атқарушы органдар келді. Құрамда 14 қызметкер, өрт сөндіру құрылғысы бар екі трактор және екі жеңіл автокөлік болды. Өрт 35 гектарды аумақты шарпыды», - деп мәлімдеді облыстық ТЖД.

Өрттің себебі әзірге белгісіз. Құтқарушылардың айтуынша, сол күні ыстық 30 градустан жоғары болған, бұл өрттің тез таралуына әсер еткен.

«Қуаныштысы, өрт сөндірушілер өрттің әрі қарай таралуын тоқтатты. Бір күн бойы қызметкерлер аянбастан өртпен күресті. Ол тек таңғы 04:40-та ауыздықталды. Жалын жақын жердегі ауылға жеткізілмеді», - деп мәлім етті ведомстводан.


Авторы Жанна Мұсабаева


Соңғы жаңалықтар