Қостанайда бойжеткен балконнан секіріп кетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай қаласында бойжеткен тұрғын үйдің балконынан секіріп кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ақпаратты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

«Туыстарының көндіруіне қарамастан бойжеткен балконнан секіріп кетті. Қазір ол стационарлық емдеу шараларынан өтуде. Алдын ала тергеу нәтижесіне сәйкес ол анасымен телефон арқылы дауға келіп қалған», - деді полиция департаменті баспасөз қызметінің маманы Кенже Қонысбай.

Қазір суицид жасауға әрекет ету дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар