Қостанайда белгісіз біреулер аулада отырған екі адамды пышақтап, бірін өлтірген

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанай қаласының полицейлері екі адамды пышақтап кеткен күдіктілерге іздеу салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қылмыс 21 қазан күні сағат 23:00 шамасында Қостанай қаласындағы Әл-Фараби көшесінде болған. Күдіктілер аулада отырған екі адамды пышақтап кеткен.

«59 жастағы Арқалық қаласының тұрғыны оқиға орнында қаза болды. 61 жастағы екінші жәбірленуші пышақ жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Оған амбулаториялық ем-дом шаралары белгіленді. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күдіктілерді анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде», - дейді полицияның баспасөз қызметіндегілер.

Осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.


Соңғы жаңалықтар