Қостанайда автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға Қостанай қаласының Маяковский көшесінде болды. 41 жастағы әйел жаяу жүргіншілер жолағынан өтіп бара жатқан.

«42 жастағы автобус жүргізушісі әйелді басып кетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жәбірленуші дене жарақаттарымен емханаға түсті. Амбулаториялық емдеу шаралары белгіленді. Жүргізуші мас күйінде болмаған», - деді полицияның баспасөз қызметіндегілер.

Осы факті бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабы 2-тармағымен әкімшілік хаттама толтырылды. Іс жүргізу шешімі сот-медициналық сараптама нәтижесінен кейін қабылданады.


Соңғы жаңалықтар