Қостанайда автобус аялдамасына соғылған «Ауди» жүргізушісі көз жұмды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай қаласында «Ауди» маркалы автокөліктің жүргізушісі аялдамаға соғылып, қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше оқиға бүгін сағат 06:00 шамасында Қостанай-Рудный жолында болған.

«Ауди» автокөлігінің 23 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, автобус аялдамасына соғылып, жолдан шығып кетті. Жол апаты салдарынан жүргізуші көз жұмды. Полицейлер мен басқа да мүдделі органдар оқиға орнына жұмылдырылды» делінген полицияның баспасөз хабарламасында.

Қазір тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Кешенді тергеу жұмыстары басталды. Сонымен қатар оқиғаның куәгерлері іздестірілуде.

Соңғы жаңалықтар