Қостанайда аутизмге шалдыққан балаларды қолдау орталығы ашылмақ

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда Дүниежүзілік аутизм туралы ақпаратты тарату күні аясында «Шексіз әлем!» атты қайырымдылық автошеру өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл шараға аутизм диагнозы бар мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары мен «10 өңір» тобының автоәуесқойлары қатысты. Автошерудің мақсаты - аутизм туралы ақпараттарды тарату, аутизмі бар балалар проблемасына жұртшылықты тарту және аутизмі бар балалармен сабақ өткізу үшін қажетті сенсорлық жабдықтар сатып алуға арналған қайырымдылық қаражат жинау.

Автошеруге қатысқан машиналарға «Шексіз әлем» деген жазуы бар ақ жалаушалар тағылды.

«Автошеруге 30-дан астам отбасы қатысты. Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналары аутизмге шалдыққандарды қолдау орталығы қажет екенін айтады. Әрине, қалада көптеген студиялар мен даму орталықтары, түзету мектептері жұмыс істейді, бірақ, онда балалар ақылы түрде ғана жүгіне алады. Біз балалар өзара қарым-қатынас жасай алатын және білім алатын бірыңғай қолдау орталығын ашқымыз келеді. Ал ата-аналар, өз кезегінде, аутизмге шалдыққан балаларды тәрбиелеу жөнінде мамандардың кеңестерін біліп отырады»,- дейді «Stop autism» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Шынар Жалмұхамбетова.

Қазір аутизммен ауыратын балалардың ата-аналары осы бастамаға қолдау көрсететін демеуші іздеуде.

Жалпы, Қостанай өңірінде 154 бала аутизммен ауыратындар есебінде тұр. Мамандардың сөзінше, бұдан бөлек, есепке алынбағандары да болуы мүмкін. Өйткені, көп жағдайда мұндай сырқатқа шалдыққан балалардың ата-анасы оларды қоғамнан оқшаулап, көрсетпеуге тырысады.

Соңғы жаңалықтар