+7 (701) 759 90 19
USD 428.07 EUR 507.61
RUB 5.62 CNY 65.15
Jańalyqtar

Қостанайда 58 жыл бұрын шаңырақ көтерген жанұя «мерейлі отбасы» атанды

2018 жылғы 31 мамыр 03:36
Бөлісіңіз:
Қостанайда 58 жыл бұрын шаңырақ көтерген жанұя «мерейлі отбасы» атанды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңінің жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Биылғы конкурстың екінші кезеңіне 90-нан астам отбасы қатысты. Ұйымдастырушылар олардың арасынан 20 әулетті іріктеді. Байқаудың облыстық кезеңі Е. Өмірзақов атындағы Қостанай облыстық филармонияда өтті. Марапаттау рәсіміне Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов қатысып, жеңімпаздарды құттықтады.

«Ата-бабамыздың ұрпақ тәрбиелеудегі салт-дәстүрлері халқымыздың асыл қазынасына айналды. Ел ішіндегі бірлік-отбасынан басталады. Өмірдің өзі дәлелдеп берген шындық осы. Мемлекеттің табысы әр шаңырақтағы шаттықпен өлшенеді. Сондықтан елімізде отбасы институтының дамуына ерекше көңіл бөлінуде. Елбасының қолдауымен өтіп жатқан «Мерейлі отбасы» байқауы - осының дәлелі», - деді өңір басшысы.

Ұйымдастырушылар алқасының ұйғарымымен қатысушылар «Өнегелі отбасы», «Парасатты отбасы», «Мерейлі отбасы» аталымдары бойынша топтастырылған. «Өнегелі отбасы» аталымының жеңімпазы Қадыр және Майра Қаржауовтардың отбасы танылды. Ал «Парасатты отбасы» аталымында Семагиндер шаңырағының (Таран ауданы) мерейі үстем болды.

Сонымен «Мерейлі отбасы» аталымында арқалықтық Алматовтар отбасы жеңіске жетті. Жеңімпаздарға 300 мың теңгенің сертификаты тапсырылды.

«Жұбайым Гүлжан Фазылжанқызы екеуміздің отбасын құрғанымызға 58 жыл толды. Бүгінде 8 баладан 16 немере, 5 шөбере көріп отырмыз. Бізді осындай жағдайға жеткізген ұлттық тәрбиенің арқасы. Біздің мемлекетіміз нығаю үшін халқымыз көбею керек. Сондықтан жастар әр отбасында кем дегенде 4-5 бала болуы тиіс, әр баланың өзінің несібесі бар. Отбасы тұрақты болса, мемлекеттік құндылықтары сақталады, - деді жеңімпаз отбасының отағасы, белгілі өлкетанушы Орекен Алматов.

Енді Алматовтар отбасы осы ұлттық байқаудың республикалық кезеңінде облыс намысын қорғайды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT