Қостанайда 49 жастағы әйел полицейді балтамен ұрды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай қаласында тәртіп сақшысын балтамен ұрған әйел қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға қаладағы Водяная көшесіндегі жеке тұрғын үйде болған. «Оңтүстік» полиция бөлімшесіне үй ішіндегі жанжал туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына учаскелік полицей Алмат Рамазанов келді.

«49 жастағы анасы мен 27 жастағы ұлы жанжалдасқан. Бұған дейін анасы баласының іс-әрекеттері үшін бірнеше рет тәртіп сақшыларын шақыртқан. Бұл жолы оқиға басқаша өрбіді. Алдымен, анасы учаскелік полицейге жанжал шығарған ұлын алып кетуін өтінген. Сәлден соң әйел тәртіп сақшысына балта лақтырған. Инспектор дене жарақатын алды», - делінген полицияның ақпаратында.

Қазір әйел қамауға алынды. Тергеу шаралары жүргізілуде. Жарақат алған полицейге жедел жәрдем көмегі көрсетілді.


Соңғы жаңалықтар