Қостанайда 23 мың литр жанар-жағармайды заңсыз тасымалдаған тұрғын сотталды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысында 23 мың литр жанар-жағармай материалдарын тасымалдау фактісінің жолы кесілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қаржы мониторингі комитетінің Қостанай облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері «BARRELL» жедел алдын алу шарасы аясында облыс аумағында тиісті ілеспе құжатсыз жалпы көлемі 23 мың литр болатын жанар-жағармай материалдарын заңсыз сатып алу және тасымалдау дерегінің жолын кесті.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 197-бабының 3-бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мамандардың қорытындысына сәйкес шығын 4,3 млн теңгені құрады.
Қостанай қаласы №2 сотының үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, оған 1 жыл 6 ай бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
Тәркіленген 23 тонна дизель отыны мемлекет кірісіне алынды.
- Қостанай облысында екі зейнеткерді өлтіріп кетті
- Елімізде нан бағасы қымбаттай ма
- Тендер ұтып, табысқа кенелмек болған Ақтөбе тұрғыны 14 млн теңгесінен айырылды
- Қостанайда боранда көліктерге жол көрсетіп жүгірген полицей марапатталды
-
Жамбыл облысында бес күнде 42 есірткі қылмысы тіркелді
-
Квазимемлекеттік компанияларға жемқорлыққа қарсы комплаенс енгізіліп жатыр
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам