Қостанайда 14 жасар қыз жоғалып кетті

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай қаласы полиция басқармасының қызметкерлері кәмелетке толмаған Полина Поповаға іздеу салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2019 жылдың 16 қазанында Қостанай тұрғыны 14 жасар қызының із-түзсіз кеткені туралы хабарлаған.

Қыздың айрықша белгілері: келбеті - еуропалық, бойы – 172 см, орта денелі, шашы иығына дейін түскен, шаш үлгісі - каре, көзі сұр-көгілдір түсті. Үстіне қара түсті күртеше, қара түсті лосина киген, аяғында қара түсті күзгі бәтеңке болған. Өзімен бірге «Samsung» ұялы телефоны бар.

Тәртіп сақшылары жоғалып кеткен Полина Поповаға қатысты кез келген мәлімет білетін тұрғындардың 102 немесе 52-69-01 нөміріне қоңырау шалуын сұрайды.

Соңғы жаңалықтар