Қостанайда 11 мыңнан астам адам баспана кезегінде тұр

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Биыл Қостанайда «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша тұрғын үй құрылысы мен инженерлік коммуникацияларға 13,7 млрд теңге жұмсалды. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазіргі уақытта 11 мыңнан астам тұрғын қалалық әкімдіктің кезегінде тұр. Олардың ішінде ата-ананың қамқорлығынсыз қалған 2 077 адам, халықтың әлеуметтік осал топтары санатынан 4 097 адам бар. Сонымен қатар бюджеттік ұйымдардың қызметкері, әскери қызметкер, мемлекеттік қызметші, көпбалалы отбасылар баспанаға алуға өтінім берген.

«Көпбалалы отбасылар 2019 жылы жеке санатқа бөлінді. Осы санаттағы азаматтардың кезегін қысқарту мақсатында республикалық және жергілікті бюджеттен 100 пәтер сатып алуға 1 миллиард 135 миллион теңге қаражат бөлінді. Қалада 252,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Ал келер жылы 280,4 мың шаршы метр тұрғын үй салынады», - дейді Қайрат Ахметов.


Соңғы жаңалықтар