+7 (701) 759 90 19
USD 432.23 EUR 506.79
RUB 5.45 CNY 64.44
Jańalyqtar

Қостанай тұрғыны Қазақстан халқының намысына тиетін видео үшін сотталуы мүмкін

2020 жылғы 23 қыркүйек 22:13
Бөлісіңіз:
Қостанай тұрғыны Қазақстан халқының намысына тиетін видео үшін сотталуы мүмкін

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында ұлтаралық араздықты қоздырған Рудный тұрғынына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, әлеуметтік желі арқылы тараған видео тексеріліп жатыр. Рудный тұрғыны украиналық блогермен болған әңгіме барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін, жерін қорлап, қазақ халқының ар-намысына тиетін сөздер айтқан. Кейінірек әлеуметтік желіде оның аты-жөні мен мекенжайы туралы мәлімет тарап кетті.

«Әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында полицейлер YouTube арнасынан аталмыш видеоны анықтап, шұғыл тексеріс жүргізді. Қазір күдіктінің тұлғасы анықталып, тергеу шаралары басталды. Күдікті 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», - деп мәлімдеді Қостанай облысының полиция департаменті.

Айта кетейік, күдікті көп ұзамай видео арқылы кешірім сұрады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT