Қостанай тұрғыны баласының емделуіне көмектескен полицейге алғыс айтты

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанай облысы Қарасу ауданының тұрғыны баласының еміне көмек көрсеткен тәртіп сақшысына алғыс айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарасу аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын Татьяна Алпысбаева келіп, учаскелік инспектор Бақытбек Хамидуллинге алғысын білдірді. Тәртіп сақшысы бірнеше жыл бойы зейнеткердің отбасына көмектесіп келген. 70 жастағы зейнеткер 45 жастағы жұмыссыз ұлымен бірге тұрады. Алайда баласы жиі ішімдік ішіп, ұрыс шығарады. Анасы осындай сәтте бірден учаскелік полиция қызметкерін шақырады.

«Зейнеткер полиция капитаны Бақытбек Хамидуллиннен ұлын алкогольден мәжбүрлеп емдеуге көмектесуін сұрады. Полицей барлық жағдайды біліп, оны назардан тыс қалдырмады. Б. Хамидуллин қысқа мерзімде өзінің «қамқорлығындағы» ер адамды маскүнемдіктен емдеу үшін барлық қажетті құжаттарды жинап, облыс орталығына наркологқа апарды. Материалдар сотқа жіберіліп, енді ауыл тұрғыны жарты жыл бойы Қостанай қаласында емделетін болады. 70 жастағы зейнеткер тәртіп сақшысына көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді», делінген полицияның баспасөз хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар