Қостанай тұрғындарының салық қарызы 60 млн теңгеден асты

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанай қаласының тұрғындарының салық қарызы 60 млн теңгеден асты. Бұл туралы Қостанай облысының жеке сот орындаушылары өңірлік палатасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Салық төлемей жүргендердің дені – автокөлік иелері. Олар 34 млн теңге салық сомасын төлемей, сот орындаушылардан қашып жүр. Сонымен қатар мүлік салығы 24 млн теңгеден асса, қостанайлықтардың мемлекеттік қазынаға қарызы 5 млн теңгеге жеткен.

«Мемлекеттік кірістер басқармасының өкілдері мен сот орындаушылары борышкерлердің үйлеріне рейд жүргізе бастады. Біз салық төлеуден жалтарып жүргендерді іздейміз. Қарызы бар адамдардың саны мыңға жетті, ал салық берешегінің сомасы 60 млн теңгеден асып кетті. Егер салық төлеу туралы хабарлама алып, оны төлемегендер мүліктерінен айырылуы мүмкін. Т ұрғындардың назарын осы мәселеге аударғымыз келеді, Ал салықты мүлде төлемейтіндер сот алдына барады», - деді Қостанай облысының жеке сот орындаушылары өңірлік палатасының басшысы Несібелі Бәсенова.

Сот орындаушылар салық төлеушілерге жеңілдіктердің қарастырылғанын айтады. Алдағы үш айда елімізде салықтық рақымшылық жүреді. Негізгі қарыз сомасын төлеген адамдардың өсімпұлы толығымен есептен шығарылады.


Соңғы жаңалықтар