Қостанай:Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің экс-басшысы қамауға алынды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Бүгін Қостанай қалалық №2 сотында Қостанай қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бұрынғы басшысы Алексей Тарасовқа үкім кесілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сот отырысы онлайн түрде өтті. Алексей Тарасовқа ҚР ҚК «Ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттігін теріс пайдалану» және «Заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау» баптары бойынша айып тағылды.

Сот Алексей Тарасовты 3 жылға 6 айға бас бостандығынан айырды. Ол жазасын қауіпсіздігі ең төменгі қылмыс колониясында өтейді. Экс-басшы сот залында қамауға алынды.

Іс деректеріне сүйенсек, А.Тарасов ТКШ бөлімінде басшы болып тұрғанда мемлекеттік сатып алу кезінде заңсыздыққа жол берген. Ол қаладағы орталық саябақтың кіреберісін 80 млн теңгеге декоративтік безендіру үшін жеке кәсіпкермен біржақты, тікелей шарт жасасқан. Кейін шартты бұзып, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның талаптарына қарамастан, ол мердігердің атына нысандағы жұмыстарды тоқтату туралы хабарлама жіберіп отырған. Бұл ретте тапсырыс беруші тарапынан жұмыстың тоқтатылу себептері көрсетілмеген.


Соңғы жаңалықтар