+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Қостанай тасжолында автокөлік жаяу жүргіншіні қағып кетті

2021 жылғы 15 маусым 16:26
Бөлісіңіз:
Қостанай тасжолында автокөлік жаяу жүргіншіні қағып кетті

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – «Қостанай-Рудный» автожолындағы жаяу жүргіншілер өтетін жолда автокөлік 60 жастағы ер адамды қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада жоғалған балалар табылды ҚР Қаржы министрлігі қазақ-қырғыз шекарасында қалыптасқан жағдайды түсіндірді ШҚО-да анасымен жанжалдасқан 45 жастағы ер адам асылып қалмақ болды

«13 маусымда шамамен сағат 23.00-де «Қостанай-Рудный» автожолында, «Қонай» шағын ауданының маңайында 36 жастағы жүргізуші «Tayota Rav 4» автокөлігімен Рудныйдан Қостанайға қарай бара жатқанда жолдың жүретін бөлігінен өтіп бара жатқан 60 жастағы жаяу жүргіншіні басып кетті. Жол-көлік оқиғасының салдарынан алған жарақаттарынан жүргінші оқиға орнында қайтыс болды», - деп хабарлады Қостанай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес соталды тергеу жүргізіліп жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бибіхан Серікова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT