Қостанай облысының үш елді мекеніне табиғи газ тартылады

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысындағы елді мекендерді газдандыруға 3,32 млрд теңге қаражат бөлінеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай облысында шалғай елді мекендерге ауыз су жеткізу, газ тарту, жол салу секілді мәселелер кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді. Оның ішінде ауылдарды газдандыру бағытындағы бастамалар нәтижесі қуантады. Соңғы төрт жыл көлемінде жүргізілген газдандыру жұмыстарының арқасында 179390 шаңыраққа көгілдір отын жеткен. Облыс әкімдігі мен «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қостанай өндірістік филиалы арасында «Газ тарату жүйелерін тарту, техникалық жабдықтау» меморандумы жасалған. Келіссөз шеңберінде 2016-2020 жылдар аралығында облыстың елді мекендерін газдандыруға 13,4 млрд теңге жұмсалды.

«Елді мекендерді газдандыруға биыл 3,32 млрд теңге қаражат бөлу жоспарланған. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ бұл қаржыға үш ірі жобаны жүзеге асырады. Атап айтқанда, Б.Майлин ауданына қарасты Тобыл кенті, Жітіқара қаласының шығыс бөлігі және Алтынсарин ауданына қарасты Үлкен Чураков ауылын газбен жабдықтау жұмыстары қолға алынады. Осы жобаларды жүзеге асырудың нәтижесінде облыс көлеміндегі табиғи газ тұтынушыларының саны 183200-ге дейін артады», - делінген облыс әкімдігінің баспасөз хабарламасында.

Аймақ әкімі Архимед Мұхамбетов «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қостанай өндірістік филиалы мен тиісті департаменттердің басшыларына жұмыстарды сапалы әрі уақытылы жүргізуді тапсырды.


Соңғы жаңалықтар