Қостанай облысының көлік инфрақұрылымын дамытуға 35 млрд теңге жұмсалмақ

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында көлік инфрақұрылымын одан әрі дамытуға 35,5 млрд теңге көзделген. Бұл жайында облыстық мәслихат сессиясында белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетовтің айтуынша, бұл қаражатқа өңірлік маңызы бар 316 шақырым автомобиль жолына да жөндеу көзделіп отыр. Сонымен қатар елді мекендердегі көшелердің 364 учаскесінде жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Оған 7,6 млрд теңге жұмсау жоспарланған.

«Биыл «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында 11,6 млрд теңгеге 17 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Ұзақтығы 221 шақырымды құрайды. Аталған жобалардың 14ін биыл аяқтау жоспарланған. Жалпы 17 нысанда да құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қостанайға кіре берістегі автомобиль жолындағы қүны 4,4 млрд теңге болатын көпір құрылысына ерекше тоқталғым келеді. Бұл нысанның әлеуметтік маңызы бар. Көктемгі су тасқыны кезінде Тобыл өзенімен апатсыз арлы-берлі өтуді қамтамасыз ету және көпірген қойылатын техникалық сипаттаманы 2-ші техникалық санатқа дейін жеткізу негізгі мақсат. Оның үстіне соңғы уақытта Тобыл қаласында құрылыс жұмыстарының қарқын алуына байланысты аталған көпірмен өтетін көлік қозғалысы да артып отыр. Биыл жобаны жүзеге асыруға 2,7 млрд теңге бөлінді. Жобаны осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған», - деді облыс басшысы.

Айта кетерлігі, көзделген жоспарларды жүзеге асырудың нәтижесінде өңірдегі қанағаттанарлық жолдардың үлесі 78 пайызға жетпек.


Соңғы жаңалықтар