Қостанай облысының бюджет қаржысы 62 млн теңгеге үнемделді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері арнайы мониторинг жүргізу арқылы бюджет қаржысын 62 млн теңгеге үнемдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомствоның ақпаратына сүйенсек, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері жүргізетін мемлекеттік сатып алу мониторингі шеңберінде бағаның тиімсіз өскені анықталған. Мәселен, 1 955 700 теңге Қостанай қалалық ауруханасынан үнемделді. Аурухана 2 555 700 теңге сомасына буып-түю материалдары мен дозаторларды сатып алуды жоспарлаған. Алайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдерінің тексерісінен соң сатып алу бағасы азайды. Матаны сатып алу құнын 3 млн теңгеге төмендету арқылы Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығы да қаржы үнемдеді. Мұнда бастапқыда сатып алу бағасы 4 786 000 теңгеге жоспарланған.

«Мемлекеттік сатып алу мониторингі бюджет қаражатын бей-берекет жұмсау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алудың тиімді құрал ретінде дәлелдеді. Сатып алу бағасының орташа нарықтық бағадан негізсіз асып кету фактілері анықталған жағдайда Департамент тапсырыс берушілердің атына ұсыныс хаттар жібереді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бұл жұмысы 2020 жылдың басынан бері жүргізіліп келеді. Қазіргі уақытта кешенді шаралардың арқасында бюджет қаржысы 62 млн теңгеге үнемделді», - дейді Департамент басшысының бірінші орынбасары Данияр Смағұлов.


Соңғы жаңалықтар