Қостанай облысының Бейімбет Майлин ауданына жаңа әкім тағайындалды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Архимед Мұхамбетов мәслихат депутаттарымен келісе отырып, Бейімбет Майлин ауданының жаңа әкімін тағайындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай облысы әкімінің өкімімен Бейімбет Малин ауданының әкімі лауазымына Қайсар Батырханұлы Мұржақыпов тағайындалды. Оны бүгін аудан активінің жиналысында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов таныстырды.

«Қайсар Мұржақыпов 1985 жылы 3 маусымда Қостанай облысы Қостанай ауданы Алтын Дала ауылында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар. Ахмет Батурсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін «Экономика» және «құқық» мамандықтары бойынша бітірген. Бұрын Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарған» делінген баспасөз хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Бейімбет Майлин ауданының бұрынғы әкімі Қуандық Испергенов Қостанай облысы Рудный қаласының әкімі болып тағайындалған еді.


Соңғы жаңалықтар