+7 (701) 759 90 19
USD 443.50 EUR 479.47
RUB 5.79 CNY 62.51
Jańalyqtar

Қостанай облысының әр ауданында бақылау бекеттері қойылмақ

2020 жылғы 26 наурыз 21:43
Бөлісіңіз:
Қостанай облысының әр ауданында бақылау бекеттері қойылмақ

ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Архимед Мұхамбетовтің төрағалығымен өткен селекторлық кеңесте коронавирустық инфекцияның алдын алуға қарсы іс-қимылдар жоспары қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Шымкентте коронавирустан қайтыс болған адамға қатысты тың деректер айтылды Астаналық полицей толғатқан әйелге екінші рет көмектесті Қызылордада коронавирус жұқтырғандардың біреуі карантин режимін сақтамаған

Қостанай қаласының әкімі Қайрат Ахметов облыс орталығының аумағына кіреберістерде бақылау-өткізу бекеттерін орнату мүмкіндігі туралы айтты. Ол облыс басшысына эпидемиологиялық жағдай нашарлаған жағдайда автомобиль жолдарында 6 бақылау-өткізу бекетін орнатуды ұсынды.

«Қостанай облысы полиция департаменті мобильдік патрульдері Ақтөбе облысы мен Ресей Федерациясы тарапынан автокөлік қатынасын болдырмау үшін Қостанай-Ждановка және Қостанай-Майкөл автожолдарын бақылап отыр. Қала аумағын транзиттік автомобильдермен айналып өтуде Нұр-Сұлтан қаласының тәжірибесін қабылдауды ұсынамыз. Колонналар құрып, полицияның патрульдік автомобилінің қатысуымен оларды айналма жолмен алып жүру қажет», - деді Қайрат Ахметов.

Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов ұсынған алгоритмді қолдап, бақылау-өткізу бекеттерін орнату бойынша ұйымдастыру мәселелерін қарау туралы тапсырма берді.

«Бақылау-өткізу бекеттерін облыстың әрбір ауданында қарастыру қажет екенін атап өтті. Облыс тұрғындарынан енгізілген шектеулерді сақтауды сұраймын. Түсіністікпен қарау қажет. Барлық қабылданған шаралар вирустың таралуын азайту үшін жасалады», - деді облыс әкімі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT