Қостанай облысының әкімі коронавирустан емделіп шықты

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов короновирустан жазылып шықты. Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Құрметті қостанайлықтар! Менің COVID-19-ға тапсырған анализім теріс нәтиже көрсетті және бүгіннен бастап жұмысқа кірістім.

Өңір тұрғындарын облыс аумағында енгізілген шектеу шараларын сақтауға шақырамын. Барлық дәрігерлерге қиын жағдайда жұмыс істеп жатқандары үшін алғыс айтамын! Баршаңызға зор денсаулық және амандық тілеймін!», - деп жазды өңір басшысы.

Бұған дейін Қостанай облысының әкімі коронавирус жұқтырып, оқшауланғанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар