Қостанай облысындағы 500 ауылдың электр желісі тозып кеткен

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанайда «Ауыл энергетикасының мәселелері» тақырыбында бейнеконференция өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің конференц-залында өткен бейнебайланысқа Қостанай облысы әкімінің орынбасары Виктор Ионенко, Қостанай облысы әкімдігі энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Дәурен Асқаров қатысты. Жиынның басты тақырыбы – ауылдардағы электр энергетикасының жай-күйі.

«Ауыл» партиясының Қостанай облыстық Саяси кеңесі «Ауыл – Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасына ауыл энергетикасының проблемалары бойынша толықтырулар мен ұсыныстар әзірлеп жтыр. Себебі Қостанай облысының 500 ауылын жалғап тұрған 6 мың шақырымнан астам электр желілері әбден тозған. Олар бүгінде толықтай ауыстыруды қажет етеді.

«Желілер 100% тозған деуге болады. Бұның салдарынан білім сапасы мен ауылдардағы тұрмыс деңгейі нашарлауы тиіс. Электр энергетикасына тікелей әсер етуі мүмкін факторларды тізбектеуге болады. Мәселені «Ауыл - ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы арқылы шешуге болады. Қазір толықтырулар мен ұсыныстар енгізуге ниеттіміз», - дейді «Ауыл» ХДПП төрағасының орынбасары Валентин Хаданович.

Ал облыстағы электр тартумен айналысатын «ЭПК-forfait» ЖШС бас директоры Александр Рейзлиннің өзіндік уәжі бар.

«Қостанай облысында біз қызмет ететін 215 елді мекеннің тұрғындарының саны 50-ге жетпейді. Тиісінше электр жабдықтау желілерінің ұзындығы 2500 щақырымға дейін жетеді. Бұл өндірістік емес шығындарға жатады. Оған қоса электр желілері әбден тозуға айналды. Оларды тек айырбастау қажет», - дейді.

Жиын қатысушылары мәселені «Ауыл - ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы арқылы шешуге уағдаласты.


Соңғы жаңалықтар