+7 (701) 759 90 19
USD 448.52 EUR 490.32
RUB 5.69 CNY 63.23
Jańalyqtar

Қостанай облысындағы 175 ауылға ауыз су тартылады

2020 жылғы 18 ақпан 00:50
Бөлісіңіз:
Қостанай облысындағы 175 ауылға ауыз су тартылады

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Облыс әкімінің есеп беру кездесуінде халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз ету жұмыстары айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирустан көз жұмған әйелмен пойызда бірге болған 2 қостанайлық карантинге жабылды Қостанай облысында 20 адам карантинге жатқызылды Қостанай облысында 470 жас кәсіпкер жеке ісін ашқан

2019 жылы өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында ауылдарды сумен жабдықтаудың 22 жобасына 8,1 млрд теңге бағытталды. Б. Майлин ауданының Новоильиновка, Жітіқара ауданының Забеловка, Арқалық қаласының Восточное, Сарыкөл ауданының Златоуст ауылдары орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне алғаш рет қосылды.

«Бүгінде 175 ауылды орталықтандырылған сумен жабдықтау жұмыстары жүргізілуде. 2020 жылы 24 ауылда жұмыстар толығымен аяқталады. Бұл мақсатта 7,2 млрд теңге қарастырылған. Нәтижесінде, халықтың орталықтандырылған сумен жабдықтауға қолжетімділігі 63,4%-ке дейін өседі», - деді Архимед Мұхамбетов.

Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру мақсатында газдандыру жұмыстары жалғасуда. Сандарға шақсақ, «ҚазМұнайГаз» ҰК арқылы 2016 жылдан бастап 40 мың адам тұратын 8 елді мекен газдандырылған. 2020 жылдың басында облыс тұрғындарын газдандыру деңгейі 56%-ды құрады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT