Қостанай облысында жыл аяғына дейін 25 ауылға ауызсу желісі тартылады

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында ауыл тұрғындарының сапалы ауызсуға қолжетімділігі бойынша брифинг өткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімдігінің Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Дәурен Асқаровтың айтуынша, халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз ету – атқарушы биліктің басым міндеттердің бірі. Жалпы Қостанай облысы бойынша 520 ауыл бар, оның ішінде 174 ауыл орталықтандырылған сумен жабдықталған.

«2020 жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы және Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде ауылдарды сумен жабдықтау бойынша 37 жоба іске асырылуда. Бұл мақсатта 9,6 млрд.теңге бөлініп, қазір оның 7,85 млрд теңгесі игерілді. Жыл аяғына дейін 25 ауылды сапалы сумен қамтамасыз ету жоспарлануда. Келешекте 69 ауылды сапалы сумен қамтамасыз ету жоспары бар. Бұл жобаларымыз іске асса, ауыл халқының 82%-ы сапалы ауызсуға қосылуға мүмкіндік алады», - дейді басқарма басшысы.

Бұған дейін өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында Б. Майлин ауданының Новоильиновка, Жітіқара ауданының Забеловка, Арқалық қаласының Восточное, Сарыкөл ауданының Златоуст ауылдары орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне алғаш рет қосылды.

Соңғы жаңалықтар