Қостанай облысында жыл аяғына дейін 13 мыңнан астам жұмыс орны ашылады

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында жыл аяғына дейін 13 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай облысында «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасын орындау негізінде облыстық жоспар түзілді. Өңірде 275 нысан жөндеу жұмыстарынан өтеді. Нәтижесінде бірнеше мың уақытша жұмыс орны пайда болмақ.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша Қостанай ауданында атқарылар шара көп. Биыл бұл аумақта инфроқұрылымды дамыту негізінде 27 нысанды жаңғырту жоспарланып отыр. Ауданға осы жылы 4,3 млрд теңге бөлінді. Бұл сомаға 27 нысан қалыпқа келтіріледі. Оның төртеуі – білім саласының обьектілері. Мәдени орындарды жөндеуге 111 млн теңге қарастырылған. Сонымен қатар Заречный ауылындағы стадион абаттандырылады. Оны жабдықтауға 72 млн теңге бөлінген. Биыл аймақтағы техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерін 6700 студент бітіреді. Оларды жергілікті жұмыспен қамту орталықтары жұмысқа тұрғызады», - делінген облыс әкімінің баспасөз хабарламасында.

Ал Қостанай қаласында «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде 91 жоба іске асырылады. 17 –әлеуметтік, 10 – білім беру, 3 – денсаулық сақтау, 2 – спорт және әлеуметтік қорғау саласында. Тұрғын үй-коммуналдық жобалар бағыты бойынша 74 жоба көзделген. Егер бекітілген барлық жобаларды жүзеге асыру мүмкін болса, онда 6300-ден астам жұмыс орны құрылады. Олардың үш мыңнан астамына кәсіп тауып беру Жұмыспен қамту орталығының міндетінде.


Соңғы жаңалықтар