Қостанай облысында жолаушылар пойызына салынған шектеу алынды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қостанай облысында пойызға жолаушыларды отырғызуға және түсіруге рұқсат етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Компанияның мәліметінше, Қазақстан аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 2 наурыздағы шешіміне сәйкес және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хатына сәйкес 2021 жылғы 13 наурыздан сағат 00:00-ден бастап Қостанай облысының аумағында орналасқан барлық стансаларда теміржол билетін сатуға және жолаушыларды пойызға отырғызуға не түсіруге келесі жолаушылар пойыздары мен стансаларда рұқсат етілді.

• №37/38 «Маңғыстау-Нұр-Сұлтан Нұрлы жол» пойызы Арқа, Лисаковск, Аманқарағай, Қойбағар, Шалғышы стансаларында/стансаларынан;

• №47/48 «Атырау-Нұр-Сұлтан Нұрлы жол» пойызы Алтынсарин, Арқа, Лисаков, Сарыкөл стансаларында;

• №603/604 «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол-Арқалық» пойызы Фурманов стансасында;

• №43/44 «Қостанай-Алматы-1» пойызы Апановка, Қазанбасы, Аманқарағай, Қойбағар, Шалғышы, Жанысбай стансаларында;

• №57/58 «Орал-Нұр-Сұлтан Нұрлы жол» Алтынсарин, Арқа, Лисаков, Сарыкөл стансаларында;

• № 327/328 «Қостанай-Қарағанды» пойызы Қарағалы, Сарыкөл, Дудаковка, Қоскөл стансаларында;

• №621/622 «Қостанай – Арқалық» пойызы Темірбұлақ, Притобольская, Апановка, Қазанбасы, Аманқарағай, Қойбағар, Шалғышы, Жанысбай, Фурманов стансаларында.


Соңғы жаңалықтар