+7 (701) 759 90 19
USD 419.45 EUR 504.64
RUB 5.68 CNY 64.88
Jańalyqtar

Қостанай облысында жол жөндеуге 1,2 млрд теңге бөлінді

2021 жылғы 24 қаңтар 21:22
Бөлісіңіз:
Қостанай облысында жол жөндеуге 1,2 млрд теңге бөлінді

ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Қостанай облысында облыстық маңызы бар жолдарды жөндеуге 1,2 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Гүлбарам Мұсағазинаға сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар

Басқарма басшысының айтуынша, 2020 жылғы бюджеттің кіріс бөлігін асыра орындау нәтижесінде облыстық бюджет қайта бөлінді. Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына 1, 2 млрд теңге берілмек.

«Бұл қаржы Амангелді, Денисов, Жангелдин, Қарабалық, Науырзым аудандарындағы автомобиль жолдарын орташа жөндеуге бағытталады. Бюджеттен игерілмей қалған 464 млн теңгені Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы алады. Оның 159,2 млн теңгесі Абай және Миролюбов ауылдары арасында орналасқан Ұзынкөл магистралды су құбырын қайта жаңартуға бөлінеді», - дейді Г.Мұсағазина.

Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мәлім еткендей, 2020-2021 жылдары жол инфрақұрылымы шеңберінде 281 жоба жүзеге асырылады. Оның ішінде «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша – 18,5 млрд теңге, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында – 20,3 млрд теңге, «Ауыл-Ел бесігі» арнайы жобасы мен жергілікті бюджеттен 6,1 млрд теңге қарастырылған.

2020 жылы 500 шақырымнан астам жол жөнделген. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 4982 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде жұмыспен қамту орталықтары арқылы 2491 адам алынды.

Жөндеу жұмыстарын уақытылы және сапалы жүргізу үшін қала және аудан әкімдері мердігерлік ұйымдармен бірлесіп жұмыс жүргізудің күнтізбелік кестелерін әзірледі.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Қасқырбай Қойшыманов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT