Қостанай облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - «Қостанай - Әулиекөл» тасжолында екі джип соқтығысып, салдарынан алты адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Апат бүгін сағат 16.30-да Қостанайдан Әулиекөл ауылына апаратын тасжолдың 69- шақырымында, Новонеженка және Лаврентьевка ауылдары арасында болған.

«Екі джип соқтығысып қалған. Оқиға орнында автопатрульдер мен жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта жол апатынан 6 адам қаза тапқаны белгілі» деп түсіндірді облыстың полиция департаменті.

Сондай-ақ ведомство оқиғаның егжей-тегжейі мен қосымша ақпарат кейінірек берілетінін хабарлады.


Соңғы жаңалықтар