Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп, зейнеткер көз жұмды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында 1949 жылы туған ер адам өз үйінде өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Әулиекөл ауданы орталығынан 25 шақырым жердегі Черниговка ауылында болған.

«18 қараша күні сағат 19:09-да оқиға туралы көршілер хабарлады. Ленин көшесінде екі пәтерлі тұрғын үй жанып жатты. Сағат 19:40-та шақыру орнына Әулиекөл ауданы 15-ӨСБ 7 қызметкері мен арнайы техникасы келді. 25 шаршы метр аумақта тұрғын бөлмедегі үй заттары иен жиһаз жанды. 15 минут ішінде өрт сөндірілді. Өрт орнынан 1949 жылы туған үй иесінің мәйіті табылды» делінген ТЖД баспасөз хабарламасында.

Тұрғын үй өрті отты абайсыз қолданудан шығуы мүмкін.

Құтқарушылар аймақ тұрғындарын пеш пен электр құралдарын пайдалану ережелерін бұзбауға, отты пайдалануда сақ болуға шақырады.


Соңғы жаңалықтар