Қостанай облысында тұмауға қарсы екпе жасау басталды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында тұрғындарға тұмауға қарсы екпе жасау науқаны басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінде Ресейден 60 млн теңгеге 70 мың «Гриппол» вакцинасы әкелініп, облыстың емдеу мекемелеріне таратылып берілген. Медицина қызметкерлеріне, «Д» санатына тіркелген балаларға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, зейнеткерлер мен мемлекеттік мекемелердің қам-қорлығындағы адамдарға, сондай-ақ індет белгілері анықталған науқастарға тегін екпе жасалады.

«Алдын ала тұмауға қарсы сақтық шараларын қабылдап, иммунитетін көтергісі келетін тұрғындар өздері тіркеуде тұрған жергілікті емханаларға баруы тиіс. Облыс тұрғындары өзіне қолайлы немесе тұрғылықты мекеніне жақын орналасқан емхананы өз қалауы бойынша таңдап, сол жерге қайта тіркеуге тұра алады. Ол үшін үйден шығудың қажеті жоқ. Электронды цифрлы қолтаңбаны пайдалана отырып, eGov веб-порталы арқылы қалаған емханаға тіркелуге болады. Тұрғындарды тіркеу компаниясы қараша айының он бесіне дейін жалғасады», – де»ді денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жилкибаева.

Айта кетейік, облыс орталығында 4 мемлекеттік емхана мен 3 жекеменшік мекемеде екпеге қарсы вакцинациялау үшін тіркеу жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар