Қостанай облысында трактордың пластик бөлшектері шығарылады

None
None
НҰР-СҰЛТАН.ҚазАқпарат – Қостанай облысында трактордың пластик бөлшектері шығарылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Былтыр Қостанайда трактор зауыты ашылып , 500 тұрақты жұмыс орны құрылған еді. Жаңа зауыттың ашылуына Үкімет басшысы Асқар Мамин қатысты.

Айта кетсек, былтыр Асқар Мамин елордада «Петербург трактор зауыты» АҚ директоры Сергей Серебряковпен кездесу өткізді. Оның барысында ҚР мен РФ арасындағы ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ Қазақстанда «Кировец» тракторлары өндірісін дамыту перспективалары талқыланды.

Енді Қостанайдағы трактор зауыты «Кировец» тракторларына арналған доңғалақ бөлшегін, газ шығаратын түтіктің қорғаныс қаптамасын, аккумулятор батареясының қақпағы және басқа да пластикалық бөлшектерді шығаратын болады.


«Қостанай облысында аталмыш жобаны іске асыру мақсатында мамандар Петербург трактор зауытында оқытудан өтті. Болашақта пластикалық бөлшектердің жергілікті өндірісіне толықтай көшу, оның ішінде ең күрделі болып саналатын капот өндірісін ұйымдастыру көзделген. Қазақстандық қамтуды ұлғайту үшін кәсіпорынның меншікті инвестициясы тек бірінші кезеңде ғана 85 млн теңгені құрады. Осыдан бірнеше күн бұрын Қостанай трактор зауытының техникасын құрастыру учаскесінің бастығы, алты темір ұстасы және шебер бригадир Санкт-Петербургтен оралды. Петербург трактор зауытының қабырғасында бір ай бойы өткен оқу қостанайлық мамандардың мүмкіндіктерін түбегейлі өзгертті», делінген министрліктің ақпаратында.

Айта кету керек, Санкт-Петербург трактор зауыты ұзақ уақыттан бері пластиктен жасалған бөлшектердің кең түрлерін өндіруге көшті, бұл компанияға үшінші тарап өндірушілерінен полимерлі өнімді сатып алудан толығымен бас тартуға мүмкіндік берген. Дәл осындай тәжірибені, жаңа технологияларды, жабдықтар мен материалдарды қостанайлықтар да қабылдады. Егер бұрын мұнда тікелей ПТЗ-да жасалған пластиктен жасалған дайын бөлшектер келетін болса, енді оларды Қостанай зауытының мамандары өндіретін болады, бұл үшін шыны пластикті дайындау бойынша барлық жағдай жасалған. Жалпы, Қостанайдағы трактор зауыты жылына 500-ден 700-ге дейін алып тракторларды құрастырады.

Жоба инженері Дмитрий Гайдардың айтуы бойынша, мұнда ПТЗ өкілдерімен бірге жасалған арнайы қалыптау матрицалары қолданылады, олардың сапасы да, бөлшектері де Санкт-Петербургте жасалған бұйымдардан ешбір ерекшелігі жоқ. Ең бастысы, енді пластиктен қажетті бөлік сынған немесе ауыстырылған кезде Ресейге өтініш жіберудің қажеті жоқ, мұндай жағдайлар өндіріс ошағында бір аптаның ішінде шешімін табады.


Соңғы жаңалықтар