Қостанай облысында трактор аударылып, үш адам мерт болды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысының Қарасу ауданында трактор аударылып, үш адам көз жұмды. Жол-көлік оқиғасының мән-жайын облыстың полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол-көлік оқиғасы Комсомольское ауылына жақын маңда болған.

«К-744» маркалы трактор апатқа ұшыраған. Трактор аударылып кеткен. Трактордың көрші ауылға жұмысшыларды тасығаны анықталды. Көлік құралында 4 адам болған. Өкінішке қарай үш адам көз жұмды, біреуі зардап шеккен жоқ. Жол апатының себеп-салдары тергеу барысында анықталады»,- деп хабарлады облыстың Полиция департаменті.

Қарасу ауданы әкімдігінің мәліметінше, «Astana Grand Trade» ЖШС қаза тапқандардың отбасына материалдық көмек көрсеткен.

Оқиғаның тергеуі ерекше бақылауға алынды. Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалған. Қажетті тергеу шаралары жүргізілуде.


Соңғы жаңалықтар