Қостанай облысында темір жол бекеттерінің жұмысына рұқсат берілді

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында темір жол бекеттерінің жұмысына рұқсат берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов аппарат мәжілісін өткізіп, мониторингтік топтардың жұмысын талқылады. Облыстық полиция департаментінің бөлімшелері 2021 жылғы 1 қаңтардан 17 ақпанға дейін 2949 рейд өткізіп, шектеу талаптарын бұзған 323 нысанды анықтаған. Өңірде 3 ойын-сауық орталығының жұмысы уақытша шектелді.

Сонымен қатар облыс әкімдігі жанынан құрылған жедел штаб наурыз айының басында облыс аумағындағы темір жол қатынасын қайта жандандыру туралы шешім қабылдады.

«Барлық енгізілген ұсыныстарды қарап, штаб коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияға 2021 жылғы 1 наурыздан бастап «Қостанай-Алматы», «Қостанай-Қарағанды» пойыздарының Қостанай облысы бойынша күн сайын жүруін және жолаушыларды отырғызу/түсіру үшін барлық теміржол бекеттерін қайта ашу туралы шешімді қолдады. Отырыс барысында мониторингтік топтардың жұмысын күшейтуді тапсырдым», - деді Архимед Мұхамбетов.


Соңғы жаңалықтар