Қостанай облысында шектеу шаралары ұзартылды

None
None
ҚОСТАНАЙ.ҚазАқпарат – Жаңа жыл қарсаңында мониторингтік топтардың жұмысы күшейтіледі.

Бұл туралы өңірлік жедел штабтың отырысында белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел штабының кезекті отырысында облыс әкімі Архимед Мұхамбетов төрағалық етті.

Аймақ басшысының айтуынша, Қостанай облысы эпидемиологиялық ахуал бойынша «сары» аймақта қалды. Осы уақытқа дейін облыста коронавирус инфекциясының 7007 дерегі тіркелді. Облыста карантин талаптарын бұзушылардың қатары азаймай тұр. Бұған дейін бірнеше рет айыппұл салынған мекемелер енді 3 айға дейін жабылуы мүмкін.

«Жедел штаб карантиндік шектеулерді сақтауды және қолданыстағы ережелерді 5 қаңтарға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Бұқаралық іс-шараларды, жаңа жылдық ертеңгіліктер мен корпоративтерді ұйымдастыруға толығымен тыйым салынды», делінген облыс әкімінің баспасөз қызметіне таратқан хабарламада.

Облыс басшысы тиісті органдардың басшыларына карантин режимін күшейтуді тапсырды.

Архимед Мұхамбетов карантинді бірнеше рет бұзған мекемелердің ісін сотқа жіберіп, олардың жұмысын үш айға дейін тоқтата тұруды талап етті.


Соңғы жаңалықтар