Қостанай облысында мұз басып қалған трасса толығымен тазартылды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында мұз басып қалған автотрасса тазартылып, қозғалыс толығымен жанданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қостанай облысында Севастополь ауылынан Солтүстік Қазақстан облысының шекарасына дейінгі жол учаскесінде («Екатеринбург-Алматы» автожолының 708-729 шақырым аралығы) көлік қозғалысы қайта жанданды. Жолды тазартуға жұмыс персоналының 10 адамы және 4 техника жұмылдырылды», - деп мәлім етті ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінен.

Еске салсақ, 18 сәуір күні құйынды жел Севастополь ауылы маңындағы Вишневое көліндегі мұзды көтеріп, трасса үстіне лақтырды. Осыған байланысты, жол үстінде биіктігі 5 метрге дейін жететін, ұзындығы 500 метрлік мұз шоғыры пайда болды. Көлік қозғалысы тоқтатылды.

«Бұл күре жолдың 713-ші шақырымында, Севастопольский кентінің жанында болға жағдай. Ондағы көпір өткен жылы салынған. Көпірдің астындағы су оңнан сол жаққа қарай ағып жатыр. Кеше сол жақтан оң жаққа қарай, яғни ағынға қарсы соққан қатты жел салдарынан Вишновое көліндегі мұз көтеріліп, жолға шығып кеткен. Осыған байланысты, жолда биіктігі 5 метрге дейін жететін, ұзындығы 500 метрлік мұз шоғыры пайда болған», - деп түсіндірген еді «Қазавтожол» ҰК» АҚ Қостанай облыстық филиалының директоры Андрей Горват.




Соңғы жаңалықтар