Қостанай облысында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің департамент басшысы тағайындалды

None
None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрайымы Анар Жайылғанованың бұйрығымен Асхат Ескендіров агенттіктің Қостанай облыстық департаментінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Асхат Ескендіров сонымен қатар Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы қызметін атқарады. Ол 1984 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. Қостанай мемлекеттік университеті, Халықаралық бизнес университеті, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ұлттық мемлекеттік саясат мектебін бітірген. Мемлекеттік және жергілікті басқару, саясаттану магистрі.

Еңбек жолын 2007 жылы бастаған. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша Тәртіптік кеңесі хатшылығының меңгерушісі болды. 2016 жылдан бастап департамент басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі қызметін атқарды.

Соңғы жаңалықтар