Қостанай облысында мемлекетке келтірілген 1,6 млрд теңге шығын өтелді

None
None
НҰР-СҰЛТАн. ҚазАқпарат - Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті екі кәсіпорын басшысының жалған шот-фактуралар жазып беру және бюджетке салық төлеуден жалтару әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі.

Тергеу барысында «Anast&Asia» ШҚ директоры «Деревянко В.Е.» ЖК жалпы соманың 1% көлеміндегі сыйақы үшін 650 млн теңгеден астам сомаға заңсыз шот-фактура жазып бергені анықталды.

Кәсіпорын басшылары 1,5 және 2 жылға сотталды.

Бұл Қостанай облысы бойынша жыл басынан бері анықталған осындай 5-ші дерек. Барлық деректер бойынша мемлекетке 1,6 млрд.теңге көлеміндегі залал өтелді.


Соңғы жаңалықтар